Қазақстанда 1 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

0
87

1 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – «Солнцеворот» көрмесі өтеді. Көрме 15 наурызға дейін болады (ForteBank Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1. Байланыс телефоны: +7 702 510 57 20).

АЛМАТЫ

12:30 – Спидвейден (мұздағы мотожарыс) әлемнің жеке чемпионатының финалы өтеді. 2020 жылда осы жарыс бес финалдан тұрады. Алғашқысы Қазақстанда өтеді. Екіншісі – Ресейдің Тольятти қаласында, үшіншісі – Шадринск қаласында, ал соңғы екі финал Германия мен Нидерланды елінде ұйымдастырылады. («Медеу» мұз айдыны, байланыс телефоны: +7 701 257 05 23, email: [email protected]).

14.00 – «Стихов моих белая стая» спектаклі. Қойылым петербургтік суретшісі Клима Лидің Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіндегі көрмесі аясында өтеді. Режиссер – Мария Макарова; хореограф – Юлия Кесикова; соло-скрипка Ирина Плехова. Шараны ұйымдастыруға Алматыдағы Ресейдің бас консулдығы мен Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі қолдау көрсеткен (Қастеев атындағы өнер музейі, «Көктем» шағын ауданы 3, 22/1. Байланыс телефоны: +7 727 394 57 15).

19.00 –»Сөздің күші» тақырыбында Rap Battle-дың үшінші туры. (Наурызбай батыр көшесі, 65. Байланыс телефоны: +7 707 666 07 04).

2 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – «Путешествие Пера Гюнта» концерті өткізіледі. Шара кезінде симфониялық оркестрдің орындауында Эдвард Григтің музыкасы орындалады. («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

12.10 – АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Қазақстандағы мемлекеттік сапарына арналған баспасөз мәслихаты өтеді (Сыртқы істер министрлігі, Қонаев көшесі 31, телефон +7 (7172) 72 02 36).

17.00 – «Аида» операсы қойылады («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

ШЫМКЕНТ

20.00 – Стэндап бойынша «Сен: айта бер» концерттік кеші (Жастар ресурс орталығы, Түркістан көшесі, 1).

3 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

14.30 – «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» кітабының қазақ тілінде шығарылуына арналған баспасөз-конференциясы. Бұл – танымал британ жазушысы Джоан Роулинг жазған шығарманың қазақ тіліндегі алғашқы нұсқасы. Баспасөз-конференциясы кезінде кітапты қазақ тіліне аудару идеясының тарихы және келісімдердің қалай жүргізілгені жайында айтылады. Гарри Поттер туралы кітаптардың қазақ тіліндегі нұсқасын шығару құқығына тек Steppe & WORLD Publishing баспасы ғана ие. (Қазақстандық баспасөз клубы, «Самал 2» шағын ауданы, 58. Аккредитация +7 747 262 20 63 телефоны немесе [email protected] электронды поштасы арқылы жасалады).

19.00 –»Жаңбыр астындағы шоу» би қойылымы. Хореограф — Рустам Надыршин (Студенттер сарайы, Әл-Фараби даңғылы, 71).

4 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – «Татарстан Республикасының өнім өндірушілерінің қатысуымен машина жасау саласын дамыту саласындағы ынтымақтастық» форумы (Hilton Garden Inn қонақ үйі).

15.00 – «Анна Франк. Тарих сабақтары» атты Анна Франк күнделігінің қазақ тіліндегі нұсқасы таныстырылады. Шара Холокост құрбандарын еске алу күніне арналады. Ұйымдастырушы: Израиль мен Нидерланд елшіліктері, сондай-ақ, Steppe&World баспасы. Анна Франк (Anna Frank, толық аты — Аннелиз Мари) 1929 жылы 12 маусым күні Франкфурт қаласында (Германия) еврей отбасында дүниеге келген. Билікке Гитлер келгеннен кейін Нидерландқа қашуға мәжбүр болды. Онда да тығылуға тура келген. Аннаның әкесі жасырын баспана жасап, соған қызын отырғызып кетеді. Кішкентай қыз ол жерде 25 ай өткізіп, барлығын күнделігіне жазып отырды. Артынан ұсталып, Берген-Бельзен концлагеріне жіберілді. 1945 жылы Анна концлагерьде сүзектен қайтыс болды. Оның күнделігі алғаш рет 1947 жылы «Жас қыздың күнделігі» деген атауымен жарыққа шықты. (Тұңғыш президенттің кітапханасы. Аккредитация +7 (7172) 703 416, +7 707 573 0707 телефондары немесе [email protected] электронды поштасы арқылы жасалады).

5 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.30 – Қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған «Қазағым-ай» концерті ұйымдастырылады. Кеш кезінде Ерлан Рысқали, Жанғали Жүзбай, Клара Төленбаева, Құмарбек Қалқатай, Ардақ Балажанова сынды танымал әншілер өнер көрсетеді. Бұдан бөлек, Ерболат Шалдыбеков, Дінисламбек Жайлаубай, Ақерке Тәжібаева, Асқар Мұқият, Аяулым Қамажан, Күнсұлу Түркпен, Нұрлытаң Ермек және тағы басқа орындаушылар сахнаға шығады («Қазақстан» ОКЗ, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

19.30 – Симфониялық музыка кеші. Концерт кезінде Нұр-Сұлтан әкімдігіне қарасты Мемлекеттік академиялық филармонияның симфониялық оркестрі өнер көрсетеді (Ұлттық әскери-патриоттық орталығы, Республика даңғылы, 2).

АЛМАТЫ

Әйелдер арасындағы шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты (екінші тур). Чемпионақта бес команда қатысады. Олар: «Айсұлу» (Алматы), «Барс» (Алматы облысы), «Жұлдыз» (Алматы), «Томирис» (Нұр-Сұлтан), «Торпедо» (Өскемен). (Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Абай даңғылы, 44. Байланыс телефоны: +7 777 481 47 47).

6 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

10.00 – «Шыны бағы» атты Чехияның көркем шыны бұйымдарының көрмесі. Көрмеге кезінде әлемге танымал шыны шебері Иржи Пачинеканың 30 жұмысы шығарылады. Көрме 1 наурызға дейін жалғасады. (Қастеев атындағы өнер музейі, «Көктем 3» шағын ауданы, 22/1. Байланыс телефоны: +7 727 394 57 15).

7 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.00 – «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» кітабының қазақ тіліндегі нұсқасы таныстырылады (Жамбыл Жабаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы, Назарбаев даңғылы, 43. Байланыс телефоны: +7 700 246 35 30).

19.00 – Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай әлемі» концерті. Шараға Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері Еркін Шүкіман, республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары Оксана Давыденко, Венера Алпысбаева, Салтанат Құдайбергенова және квартет Il Canto қатысады. Дирижер – Абылай Тілепберген («Кұрмангазы» оркестрінің концерт залы, Абылай хан даңғылы, 83. Байланыс телефоны: +7 727 279 14 26).

8 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – «Золушка» балеті сахналанады. Хореограф-қоюшы, либретто авторы – Надежда Калинина («Астана Балет» театры, Ұлы Дала көшесі, 9).

13 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – Серік Нұрмолдаевтың Romantic Sybyzgy тақырыптық кеші («Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

14 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.30 – Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, профессор мен дирижер Жалғасбек Бегендіковтың «Сиқырлы таяқша құдіреті» атты шығармашылық концерті («Құрмангазы» оркестрінің концерт залы, Абылай хан даңғылы, 83. Байланыс телефоны: +7 (727) 279 14 26).

15 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – LA VIE EN ROSE француз музыкасының кеші. Концертте Қазақконцерттің солисі, вокалшы Гүлнәр Көшенова өнер көрсетеді. Ол «Х-фактор», «Қазақстан дауысы» және Top jargan сияқты тележобалардың финалына шыққан. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. («Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz