Қазақстан үш әуежайдың кодтарын өзгерткісі келеді — Қазақстан жаңалықтары

0

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Қазақстандағы тағы үш әуежайдың кодтарын өзгерту жоспарлары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстадық қалыңдықты Ресейден шығарып жіберді

Басқа әуежайлардың кодтарын өзгерту туралы мәселені журналистер Нұр-Сұлтан әуежайында өткен брифингте қойды.

«Иә, жұмыс жалғасады. Біз Ақтау — SCO (Шевченко), Атырау — GUW (Гурьев), Тараз — DMB (Джамбул) өзгертуді жоспарлап отырмыз», — деді Ластаев.

Бұған дейін Ластаев Нұр-Сұлтан әуежайының кодын өзгерту мақсатында Қазақстан ИКАО (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) қарарында өзгеріске қол жеткізгенін түсіндірді. Бұл болашақта әуежайлар мен басқа мемлекеттердің кодтарын өзгертуге мүмкіндік береді.

Еске салсақ, 2020 жылдың 8 маусымында Нұр-Сұлтан әуежайының коды ресми түрде TSE-ден NQZ-ке өзгертілді.

Әуе билеттерін брондаудың барлық жүйелерінде, соның ішінде билеттер, багаж белгілері, хабарландыру тақталарында NQZ әуежайдың жаңа коды қолданылады.
 

stan.kz