Қазақстан үш әуежайдың кодтарын өзгерткісі келеді — Қазақстан жаңалықтары
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Қазақстандағы тағы үш әуежайдың кодтарын өзгерту жоспарлары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Басқа әуежайлардың кодтарын өзгерту туралы мәселені журналистер Нұр-Сұлтан әуежайында өткен брифингте қойды.
«Иә, жұмыс жалғасады. Біз Ақтау — SCO (Шевченко), Атырау — GUW (Гурьев), Тараз — DMB (Джамбул) өзгертуді жоспарлап отырмыз», — деді Ластаев.
Бұған дейін Ластаев Нұр-Сұлтан әуежайының кодын өзгерту мақсатында Қазақстан ИКАО (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) қарарында өзгеріске қол жеткізгенін түсіндірді. Бұл болашақта әуежайлар мен басқа мемлекеттердің кодтарын өзгертуге мүмкіндік береді.
Еске салсақ, 2020 жылдың 8 маусымында Нұр-Сұлтан әуежайының коды ресми түрде TSE-ден NQZ-ке өзгертілді.
Әуе билеттерін брондаудың барлық жүйелерінде, соның ішінде билеттер, багаж белгілері, хабарландыру тақталарында NQZ әуежайдың жаңа коды қолданылады.
stan.kz