Қазақстан ұлттық құрамасының формасы қандай?

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Токио Олимпиадасына қатысатын ұлттық құраманың киім үлгісінің дизайнына жарияланған конкурс нәтижесі белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Ұлттық құраманың Токио Олимпиадасына киетін парадтық және спорттық формасының дизайны осы жазда таныстырылады.

«Олимпиада формасының соңғы дизайны осы жазда Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің ресми таныстырылымында көрсетіледі», — деп хабарлайды Olympic.kz.

Токио Олимпиадасына қатысатын ұлттық құраманың киім үлгісінің дизайнына жарияланған ашық конкурстың жеңімпаздары анықталды.

Конкурсқа 19 қатысушы өз жұмыстарын жолдады. Олардың барлығы ұлттық олимпиада комитетінің сайтында жарияланды.

Жеңімпаздарды Қазақстан ҰОК спорт дирекциясы мен ұлттық паралимпиада комитеті өкілдерінен, Қазақстан ҰОК спортшылар комиссиясының мүшелерінен құралған арнайы комиссия анықтады.

Комиссияның қорытынды отырысы бойынша «КазСПО –N» ЖШС Zibroo Active Sportswear «спорттық форма» және «Marino Madi» ЖШҚ «парадтық форма» жеңімпаз атанды.

«Қатысушылардың барлығы – қазақстандық дизайнерлер. Біз үшін бұл өте қуанышты жағдай. Себебі, олимпиада формасын дайындауда отандық кәсіпкерлердің өнімдерін қолдау біздің басты мақсатымыз болатын», — деді ұлттық олимпиада комитетінің ресми өкілі Жігер Әзбергенов.

Енді байқау жеңімпаздары арасында Олимпиада формасының дизайны мен технологиялық талаптарының түпкілікті тұжырымдамасы бойынша одан әрі жұмыс жүргізіледі.

Парадтық және спорттық киім үлгісін бекіту үшін Қазақстанның Олимпиада құрама командасының өкілдерінен арнайы комиссия құрылады.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атағынан айырылды

Соңғы шешімді Токиода өтетін жазғы Олимпиадаға қатысатын спортшылардың өздері қабылдайды.

Биыл жазда Жапонияның астанасы Токиода XXXII жазғы Олимпиада ойындары өтеді.

Дүбірлі дода 24 шілдеде басталып, 9 тамызға дейін жалғасады.



sputniknews.kz