Қазақстан Украинаға әскери техника жібере ме? Қорғаныс министрлігі жауап берді
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Украинаға әскери техника жөнелтілгені туралы желідегі ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Әлеуметтік желілердегі қазақстандық әскери техника Украинаға жөнелтілді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бейнежазба мұрағатта сақталған, өйткені бронетранспортерлер жоспарлы жөндеуге жіберілген», — деп хабарлады министрлік.
Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі 2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстаннан қару-жарақ пен әскери техниканы әкетуге тыйым салынғанын еске салды.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде кейбір ақпарат көздері Қазақстан Украинаға әскери техника жіберіп жатыр деп сендірген видео пайда болған.