Қазақстан үкіметі Қытаймен визасыз режим туралы келісімді бекітті
Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің Қытаймен визалық талаптардан өзара босату туралы келісімді бекіту туралы қаулысына қол қойды, тиісті құжат нормативтік құқықтық актілердің эталондық банкінде жарияланды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құжатқа сәйкес, екі елдің азаматтары мемлекеттік шекарадан өткен сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын кезеңге визасыз сапарлай алады.
Жалпы, оларға алты ай ішінде 90 күнтізбелік күн визасыз болуға рұқсат етіледі. Демек, 30 күннен жарты жылда үш рет кіруге болады.
«2023 жылғы 17 мамырда Сианда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы қоса беріліп отырған келісім бекітілсін», — делінген келісімде.
Келісімнің мәтініне сәйкес, ол уағдаласушы тараптардың қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан мен Қытай 17 мамырда визалық талаптардан өзара босату туралы келісім жасасты.