Қазақстан үкіметі отставкаға кетті
2024 жылдың 5 ақпаны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің отставкасын қабылдап, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаулыда Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес Президент Қазақстан Үкіметінің отставкасын қабылдады.
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін», — делінген құжатта.
Жарлықта, сондай-ақ, Президент Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелеріне «Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін орындауды жалғастыру туралы» шешім қабылдады.
Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
фото: globalnews.kz