Қазақстан туралы сұраққа жауап берген үнді жігіті миллионер атанды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ер адам сұраққа жауап беруге қиналып, әйеліне телефон шалған екен

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек — Sputnik. Үндістандағы Индаур қаласының тұрғыны Аасим Чаудари 1 миллион 250 мың рупий (6 миллион 596 мың теңге) ұтып алды.

Ол Kaun Banega Crorepati («Миллион кімге бұйырады» телебағдарламасының үндістандық нұсқасы) шоуында Қазақстан астанасы атауының өзгергеніне қатысты сұраққа дұрыс жауап беріпті.

Телешоуда үнді жігітіне «2019 жылы қай елдің астанасына тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді?» деген сұрақ қойылады. Жауапта Қазақстан, Қырғызстан, Косово және Кения мемлекеттері болған. Ер адам сұраққа жауап беруге қиналып, 50/50 мүмкіндігін пайдаланады. Нәтижесінде жауапта Қырғызстан мен Қазақстан қалыпты.

Үндістандағы «Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасы

Сондада дұрыс жауапты таба алмаған ол соңғы мүмкіндікті пайдаланып көреді. Ер адам телефон арқылы әйеліне хабарласыпты. Жары оған Қазақстанның астанасы Астана болғанын, ал 2019 жылы шаһарға Нұр-Сұлтан атауы берілгенін айтып берді.

Тағы оқыңыз: Үйленгеніне он жыл толғанын атап өтпек болған ер адам күтпеген олжаға кенелді

Дұрыс жауаптың арқасында жігіт 1 миллион 250 мың рупий (17 мың доллардан астам немесе 6 миллион 596 мың теңгеден астам) қаражатты қанжығасына байлады.

Janta Ka Reporter басылымының хабарлауынша, шоудың іріктеу кезеңіне Аасима Чаударидің бүкіл отбасы қатысыпты.

1 миллион 250 мың рупий (17 мың доллардан астам немесе 6 миллион 596 мың теңгеден астам) ұтып алған Аасима Чаудари 27 жаста. Ол қаладағы банктердің бірінде менеджер болып жұмыс істейді.

Айта кетейік, Қазақстан астанасының атауы бірінші президенттің құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгерген болатын. Астана атауын өзгерту туралы жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 23 наурызында қол қойған.



sputniknews.kz