Қазақстан тумасы Олимпиадада алтын жеңіп алды

0
2317

Ресейлік спортшы, Қазақстанның тумасы Софья Великая  Олимпиадада «алтын» жеңіп алды, бұған дейін ол күміс медаль алған еді, – деп жазды Айқын.

«Ресейлік қылышшылар Токиодағы Олимпиадада командалық турнирде алтын медаль жеңіп алды. Шешуші кездесуде Ольга Никитина, София Великая және София Позднякова Франция құрамасын 45:41 есебімен жеңді. Бұдан алдын жеке турнирде Позднякова алтын, ал Великая күміс жеңіп алды», –  деп жазады басылым.