Қазақстан тумасы батылдығымен америкалықтарды қайран қалдырды (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Бүгінде Нью-Йоркте тұрып жатқан Қазақстан тумасы батылдығымен америкалықтарды таңғалдырды. Тимофей Юрьев иттерді құтқару үшін мұздай суық суға түскен.

Қазақстан тумасы батылдығымен америкалықтарды қайран қалдырды (видео)

Бұл туралы usa.one басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

9 наурызда Тимофей әйелімен бірге Иpвингтoн су қоймасының маңында итін серуендетіп жүрген. Осы кезде екі ит мұздың бетіне жүгіріп шыққан. Иттерді иесі шақырған кезде олар суға түсіп кетіпті. Сүйікті жанураларының қанша жанталасқанымен суға батудың аз-ақ алдында қалғанын көрген әйел есі шығып, жылап жібереді. 

Қазақстан тумасы батылдығымен америкалықтарды қайран қалдырды (видео)

Осыны байқаған Тимофей сырт киімін шешіп, суық суға күмп беріпті. Оның артынан өзінің иті Кира да ілесіпті. Екеуі жағалауға қарай жол ашып, осылайша иттерге судан шығуға көмектескен. Болған жайтты Тимофейдің әйелі видеоға түсіріп алған.

Ер адамның өзі Қазақстанда дүниеге келіп, Сібірде өскенін айтады. Сондықтан суыққа, суық суға түсуге үйренгенмін, дейді.

 

Сонымен қатар Тимофейдің фридайвингпен айналысатыны белгілі болды. Ол аквалангсыз тереңде жүзеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz