Қазақстан Токио Олимпиадасына ресми шақырту алды

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Шақыру хатқа ХОК президенті доктор Томас Бах қол қойған

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Бүгін Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті XXXII жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ресми шақырту алды.

Халықаралық Олимпиадалық комитеттің шақыру хатында ХОК президенті доктор Томас Бахтың қолы қойылған. 

Айта кетейік, ХОК дәстүр бойынша Олимпиадаға бір жыл уақыт қалғанда ұлттық олимпиадалық комитеттерге шақыру жібереді, деп хабарлады Olympic.kz.

Тағы оқыңыз: Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Тоқаевты құттықтады 

Қазіргі таңда Қазақстан командасында 10 лицензия бар. Олимпиадағы жолдаманы суда жүзуші Дмитрий Баландин (100, 200 метр, брасс), жеңіл атлеттер  Ольга Рыпакова мен Георгий Шейко, велошабандоз Евгений Гидич (лицензия белгілі бір спортшыға берілмейді), классикалық садақ атудан Қазақстанның ерлер командасы (Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин, Санжар Мұсаев) және ашық суда жүзуші Виталий Худяков иеленді.

Садақ ату спортынан Қазақстан командалық және жекелей сайыста да өнер көрсетеді. Токиодағы Олимпиада ойындарына әлемнің 206 елінен 11 мыңнан астам спортшы қатысады. Жарыс 2020 жылы 24 шілдеде басталады, жабылу салтанаты тамыздың 9-да өтеді. 



sputniknews.kz