«Қазақстан темір жолы» басшылығына Сауат Мыңбаев келді

0

2018 жылғы 20 қараша 12:14 105

«Қазақстан темір жолы» басшылығына Сауат Мыңбаев келді


АСТАНА. ҚазАқпарат — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы болып Сауат Мыңбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа басшыны бүгін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов таныстырды. Ахметжан Есімов өз сөзінде Сауат Мұхаметбайұлының бұрынғы жұмыс орындарында жақсы нәтиже көрсеткенін атап өтті.

Айта кетсек, Сауат Мыңбаев бұрын қаржы құрылымдарында әртүрлі қызметтерді атқарған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы қаржы министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы қаржы министрі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы сауда және индустрия министрі, Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар министрі, Қазақстан Республикасы мұнай және газ министрі лауазымдарында еңбек еткен.

2013 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болған.


фото:www.kmg.kz