Қазақстан тарапы Ресей мен Украинаны келісімге келуге шақырды – новости Казахстана

0
75

Азов теңізіндегі Ресей мен Украинаның арасында орын алған қақтығысқа Қазақстан алаңдаушылық танытып отыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: РБК-Украина

Көрнекі фото: РБК-Украина

«Біз екі тарапты да барынша жауапкершілік танытып, шиеленістің ушығуына жол бермеуге шақырамыз», – дейді Смадияров.

Сыртқы істер министрлігі мәлім еткендей, осындай жағдайлардың алдын алып, бақылауда ұстау үшін арнайы ережелер керек.

«Екіншіден, сенімділікті қалыпқа келтіру қажет», – деді ол.

Сондай-ақ, ол бүгін БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде Азов теңізіндегі жағдай бойынша талқылау өтетінін айтып өтті.

«Қазақстан өз кезегінде шиеленісті басу үшін айтылатын ұсыныстарды қолдауға дайын», – деді министрлік өкілі.

Айта кетейік, 25 қараша күні Керчь бұғазында ресейлік шекарашылар мен украиналық кеменің үш қызметкері арасында кикілжің туындаған.

Осыдан кейін Украинаның әскери күштерін жауынгерлік дайындыққа көшіргені хабарланған. Сондай-ақ, Ресей мен Украина БҰҰ кеңесінен кезектен тыс жиынын шұғыл өткізуді сұрады.