Қазақстан Стамбул мен Делиде қалған азаматтарды елге алып келеді

0

18 наурыздан бері президенттің тапсырмасымен елге 7702 азамат жеткізілген, тағы тоғыз елден әкелу мәселесі қаралып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір  – Sputnik. 3 сәуір күні Стамбул мен Делиде жүрген қазақстандықтар елге оралады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Айта ктсек, ертең Стамбул мен Делиден екі рейс келеді. Біз сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, екі қаладан азаматтарымызды елге әкелеміз», — деді Өскенбаев онлайн-брифингте.

Ол әуе компаниялары шетелде қалған отандастарды елге жеткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанның сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, қазақстандықтарды Әзербайжан, Египет, Польша, Иран, Грузия, Үндістан, Ресей, Түркия, Украина елдерінен шығару мәселесі пысықталды.

18 наурыздан бері президенттің тапсырмасымен елге 7702 азамат жеткізілген.

1 сәуірден 13 сәуірге дейін Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында халықаралық тұрақты жолаушылар және эвакуациялық рейстер тоқтатылды.

Осы жылдың 16 наурызынан бастап шетелдік азаматтардың ұшақпен Қазақстанға келуіне тыйым салынды.

Елге келген халықаралық чартерлік рейстерді бақылау күшейтілді.



sputniknews.kz