Қазақстан спорты Головкин сияқты адамды ұтымды пайдалануы керек

0

Ұлттық Олимпиада комитетіне Головкиннің келуі таң қалдырмай қойған жоқ. Соңғы Олимпиадалар еліміз үшін түрлі себептерге байланысты сәтсіз болды. Головкин қалыптасқан осы жағдайды түзей ала ма? Спорт сарапшысы ретінде пайымымызды оқырманға жеткізіп көрелік.

Бұрынғы ҰОК басшысын соңғы жылдары спортпен айналыспақ түгілі жарыстардан көрермен ретінде көре алмадық. Отбасы және саяси себептер әсер етті деп ойлаймын.

Биыл Олимпиада. Президент баратын шығар?! Билікке имидж керек, нәтиже керек, репутацияны көтеру қажет. Мәдениет саласындағы мықтымыз Димашты да президентитң қасынан жиі көреміз. Осы логикаға жүгінсек, спорт бойынша бүкіл әлем танитын Головкин – ең мықты кандидат еді.

Спорт өз алдына үлкен жеке сала. Дәл қазір Генадийден артық басшыны елестету мүмкін емес. Ең көп медаль әкелетін спорт түрі, яғни бокс өкілі. Әлемдік деңгейде Месси, Рональду сияқты спортшылармен қатар жүрген адам. Репутациясы тап-таза. Әрі спортты әрі маркетингті өте жақсы біледі. Материалдық жағынан тәуелсіз. Айтарлықтай нәтижені Лос Анджелесте күтуге болады. Көп нәрсе жасақтаған командасына, яғни кадрға байланысты. Федерацияларға байланысты. Дәл қазір ҰОК-тың рөлі бұрынғыдай емес. Әсіресе Қаңтар оқиғасынан кейін. Спорттың дамуына жауапты ведомство Спорт министрлігі болып қала береді.

Қысқа уақытта жаңа басшыдан мыналарды күтуге болады: боксқа жаңа серпін беріледі және тазаланады, халықаралық ұйымдар мен демеушілер тарапынан біздің спортқа қызығушылық пен сенім артады (Головкинді марка, елші және реферанс ретінде қарастырады), спорт Отаны АҚШ-пен қарым-қатынасымыз артады. Тағы қайталап айтамын, мұның бәрі команда мен кадрға байланысты. Қазақстан спорты Головкин сияқты адамды ұтымды пайдалануы керек. Пайдалана алмасақ, онда өкінішті.

ҰОК басшысының ауысуы жайлы

Еске сала кетейік, кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып келді. Бұған дейін ол қызметті бизнесмен Тимур Құлыбаев атқарған.

Геннадий Головкин комитет басшылығына не үшін басшы болуға келіскенін айтып берді.

Головкин туралы аз-кем ақпарат

Қарағандының криминалдық ауданы Майқұдықтан шыққан боксшы Геннадий Головкиннің есімі 2006 жылдан бері кәсіби бокста танымал.

Қазақстандық боксшының кәсіби лигадағы мансабы мақтаулы. Головкин өзінің жекпе-жектерінің көпшілігін мерзімінен бұрын аяқтаған. Қуатты және техникалық панчер және нокаут ретінде танымал. Ол 2008 жылдың 22 қарашасынан 2017 жылдың 18 наурызына дейін 9 жыл қатарынан 23 рет нокаутпен жеңіске жетті. Гиннестің рекордтар кітабына орта салмақ тарихындағы нокауттардың ең жоғары пайызы үшін енді. 2020 жылғы жағдай бойынша 21 рет қорғап, орта салмақтағы чемпиондық титулды қорғаудың жалпы саны бойынша рекордты жаңартты.

Бүгінде Геннадий Головкин барлық белбеуінен айырылған. Әлем чемпионы емес. Алайда әлемнің түкпір-түкпірінде бокспен айналысам деген жастарға үлгі бола білген адам.

Ерик Ильясов


Тегтер:Головкин