Қазақстан спортшылары сасқан жоқ – видео    

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қазақстанның әнұраны шырқалғанда техникалық ақаулықтар болып, ватерполшы қыздар оны жатқа айтып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның әнұраны үзіліп қалды. Бірақ ватерполшы қыздарымыз сасқан жоқ.   

Алғашқы ойында қазақстандық спортшылар Қытай командасымен кездесті. Ойынның алдында екі елдің әнұрандары шырқалды. Бірақ Қазақстанның әнұраны шырқалғанда техникалық ақаулықтар шығып, музыкасы үзіліп қалды. Дегенмен ватерполшы қыздар тоқтамай, Әнұранды жатқа айтып шықты.

«Жиналған жұрт қыздармыздың әнұранды жатқа айтып шыққанына тәнті болды. Жарысқа қатысушылар мен көрермендер ұзақ шапалақ соқты. Қыздар осы ойында да ұйымшылдық көрсетіп, табан тірескен бәсекеде қарсыластарын 11-10 есебімен ұтты. Олардың артынан ватерполшы ұлдар да Қытай құрамасын 13-7 есебімен жеңіп кетті», — делінген Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтында.

Айта кеткен жөн, Қытайдың ватерполшы қыздары Азия құрлығында үнемі жүлделі орындарды алып жүреді. Ертең Қазақстанның қыздары Өзбекстанмен кездеседі. Ал ұлдар Иран командасымен күш сынасып көрмек.



sputniknews.kz