«Қазақстан» шахтасындағы апат: қаза тапқан кеншілердің аты-жөні жарияланды

«Қазақстан» шахтасындағы өрт кезінде қаза тапқан кеншілердің аты-жөні жарияланды, деп хабарлайды «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар:
- Стешин Денис Геннадьевич, 1978 жылы туған, 4 разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл;
- Бургун Виктор Сергеевич, 1966 жылы туған, 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;
- Слюньков Виталий Владимирович, 1965 жылы туған, жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;
Компанияның баспасөз қызметі екі кеншінің әлі де іздестіріліп жатқанын хабарлады. Қазіргі сәтте тау қазбасында іздеу бойынша қосымша жоспар жүргізіліп жатыр.