Қазақстан «Сергек» жүйесін Өзбекстанға экспорттады

0

«Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігінің интеллектуалды жүйесі Өзбекстан Республикасы Наманган қаласында енгізілді.

Намангандағы «Сергек» жұмысы жол-көлік оқиғаларын азайтуға және көлік жүргізу мәдениетін арттыруға бағытталған.

25 аппараттық-бағдарламалық кешен қаланың 13 учаскесінде және облыс аудандарында жол қозғалысы ережелерінің бұзушылығын тіркейді.

«Сергек» жүйесін орнату жүргізуші тәртібінің жоғарылауына және өлімге әкеп соғатын ЖКО-ның тиісті төмендеуіне әсер етеді.

Жүйенің алғашқы жұмыс істей бастаған жылында Астанада жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар саны 43%-ға — 60-тан 34 апатқа ұшыраушыға дейін қысқарды және кейінгі жылдары да сол деңгейде сақталып келеді.

Алматыда (2019-2022) — 161-ден 96-ға дейін. Шымкентте (2020-2022) — 76-дан 57-ге дейін.

Жүйенің көмегімен қылмыстарды да ашуға болады.