Қазақстан Сергей Гайдайдың Украинаның елшісі ретінде қызметке келуіне қарсылық танытты – БАҚ

0

Украиндық «Зеркало неделя» басылымы Қазақстанның Луганск облыстық әскери басқармасының бұрынғы басшысы Сергей Гайдайдың Украинаның Қазақстандағы елшісі қызметін атқаруына қарсы екенін жазуда. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Басылым қазақстандық тараптың Украинаның Қазақстандағы елшісі ретінде кәсіби дипломатты көргісі келетінін ашық айтқанын алға тартты.

Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийді президент Владимир Зеленский 2022 жылдың қазан айында даулы мәлімдемесінен кейін қызметінен босатқан болатын.