Қазақстан Ресейдің колониясы ма: Ресей сыртқы істер министрі Қазақстандағы орыстілді азаматтардың мүдделері ескерілетіні жайлы айтты

0

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда этникалық алауыздық қаупі жоқ екенін айтты.

«Қазақстанға келетін болсақ, сіздер сияқты мен де Қазақстанда этникалық белгілер бойынша бөліну қаупін көріп тұрған жоқпын. Меніңше, Қазақстан билігі этносаралық келісімді, ұлтаралық келісімді нығайту және өз елінің сенімді аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету қажеттілігін жақсы түсінеді. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан азаматтарының орыс тілді бөлігінің мүдделерін ескеру маңызды құндылықтардың бірі, оның ішінде орыс тілін оқыту, орыс тілді кеңістікті қолдау, ата-аналардың балаларын орыс тілді мектептерге беру беру құқығын қамтамасыз ету және т.б.», — деді Sputnik радиосына берген сұхбатында Лавров.

Оның айтуынша, мұның бәрі ТМД шеңберіндегі уағдаластықтардың және Ресей мен Қазақстан арасындағы екіжақты құжаттардың бір бөлігі болып саналады.

«Бұл, әрине, орыстардың Қазақстанның өңірлерін басқаруға да, мемлекетті басқаруға да қатысуын сезіндіру мәселесіне қатысты. Мен мұны Қазақстан президенті де, Қазақстанның тұңғыш президенті де жақсы түсінеді деп сенемін», — деді Ресей СІМ басшысы.

stan.kz