Қазақстан Ресейдің Керчь бұғазындағы жағдай бойынша күн тәртібін қолдады

0

Қазақстан, Қытай және Боливия БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Керч бұғазындағы жанжалды талқылауды қолдап дауыс берді.

Қазақстан Керчь бұғазындағы жағдай бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұраған Ресейдің күн тәртібін қолдады, деп хабарлайды Sputnik.

Дүйсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бұл дауды талқылауды дауысқа салу қорытындысы бойынша тоқтатты. Ресей шекарасын Украина әскери-теңіз күштерінің бұзғаны туралы Мәскеудің күн тәртібі Қазақстан, Қытай және Боливия тарапынан қолдау тапты.

Төрт мемлекет қалыс қалды, ал қалған жеті ел, соның ішінде АҚШ пен Ұлыбритания қарсы болды.

Ресей неліктен Қауіпсіздік кеңесінің отырысын шақыруды сұрады?

Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің ашық отырысын «Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау» тармағында шұғыл шақыруды сұрады.

Жексенбі күні Ресейдің Федеральды қауіпсіздік қызметі Украина әскери-теңіз күштерінің үш кемесі Ресей шекарасын бұзып, дереу тоқтауын талап еткенін хабарлады.

Кемелер Ресей жағалауынан шамамен 20 шақырым қашықтықта ұсталды.

Үш украиналық әскери жарақат алды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Ресей тарапы мемлекеттік шекараны бұзу туралы қылмыстық іс қозғады. Украина басшысы оқиғадан кейін 2018 жылғы 26 қарашадан 26 желтоқсанға дейін соғыс жағдайын енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

Қазақстан дипломаттары Азов теңізі айдынында болған жағдайды мұқият бақылап отыр. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі тараптарды шиеленістің ушығуына жол бермеу үшін барынша жауапкершілік танытуға шақырды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!