Қазақстан-Ресей форумында шикізаттық емес экспортты дамыту мәселесі көтеріледі  

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Қазақстан мен Ресей – ірі сауда серіктестері, сонымен бірге екі ел үшін де шикізаттық емес экспортты дамыту мәселесі өте өзекті. Өзара сауда айналымындағы осы сегменттің үлесін ұлғайту – қатынастардың одан әрі жетістігін анықтайтын басымдықтардың бірі

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Ресей Экономикалық даму министрлігі мен Росконгресс қорының ұйымдастыруымен Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың XVI аймақаралық форумы аясында өтетін «Ресей мен Қазақстан арасындағы шикізаттық емес экспортты дамыту» панельдік сессиясы осы проблемаға арналады.

Сессияны «РЭЦ «аға вице-президенті Игорь Жук жүргізеді. Пікірталасқа Еуразиялық экономикалық комиссия, Ресейдің Новосибирск және Смоленск облыстары, Алтай өлкесі, Қазақстан сыртқы сауда палатасы, қоғамдық ұйымдар – «Деловая Россия» және «ОПОРА России», Сібір экспедиторлары мен логистері, көлік жұмысшыларының одағы, Қазақстан Республикасының халықаралық автомобиль тасымалдаушылары одағының (ҚазАТО) өкілдері, Томск ұлттық зерттеу политехникалық университеті мен Томск мемлекеттік университетінің сарапшылары, «Самұрық-Қазына», Kazakh Export, Kazakh Invest, Globalink Logistics, «ВМК», «Ангиолайн» және «Гормашэкспорт»компанияларының өкілдері қатысады.

«Біз таңдаған тақырып көп қырлы: бұл агроөнеркәсіптік кешенді өзара тиімді дамыту, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, логистикалық мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалану, – деді Игорь Жук. – Біздің елдеріміз өте ұқсас, ортақ нәрсе көп. Біз бір-бірімізге көп нәрсе бере аламыз. Сонымен бірге, тараптардың әрқайсысының ерекшелігі мен мүдделерін түсіну маңызды, ол үшін тұрақты, мүдделі және ашық диалог қажет».

Кездесуге қатысушыларға сәтті бірлескен жобаларды қарастыруға және қызметтер экономикасы – туризм мен білімді дамыту туралы сөйлесуге мүмкіндік беріледі. Маңызды тақырыптардың бірі – инвестициялық жобалар мен бірлескен кәсіпорындар құру. Сонымен бірге, шешілуі қажет өзекті мәселелер – реттеуші заңнаманың пісіп жетілген реформалары және сауда кедергілерін азайту, бәсекелестік, монополияға қарсы реттеу және Еуразиялық экономикалық одақта мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мәселелері талқыланады.  

Пікірталастың тағы бір практикалық бөлігі ҚҚС айырмашылығы мәселелеріне және аймақтық өңірлік экспорт орталықтарының қолдауымен жабдықтауды ұйымдастыру жағдайларын қарастыруға арналады.

Омбы қаласында 2019 жылдың 6-7 қарашасында «Шекарааралық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді.

Росконгресс қорының іс-шараларына 208 елден және аумақтан қатысушылар жиналады, жыл сайын Росконгресс алаңдарында 15 мыңнан астам БАҚ өкілі жұмыс істейді, Ресейде және шетелде 2500-ден астам сарапшы аналитикалық және сарапшылық жұмыстарға қатысады. Сыртқы экономикалық серіктестермен, өнеркәсіп бірлестіктерімен, кәсіпкерлермен, әлемнің 107 еліндегі қаржы, сауда және бизнес қауымдастықтарымен өзара іс-қимыл орнатылды.



sputniknews.kz