Қазақстан Қытаймен жолаушылар тасымалының барлық түрін тоқтатты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

12 0 0

https://sputniknews.kz/images/1021/14/10211437.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/politics/20200129/12684961/Qazaqstan-Qytaymen.html

Автобус және жолаушы тасымалымен қатар Қазақстан Қытай арасындағы әуе кеңістігі жабылып, виза беру тоқтатылады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар — Sputnik.  Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирус таралуының алдын алу үшін бірқатар қосымша қорғану шарасын қабылдады, деп хабарлайды премьер-министр сайты.

«3 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ, 29 қаңтардан бастап екі ел арасында жолаушылар автобусының тасымалы уақытша тоқтатылды. 1 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасында жүретін жолаушылар пойыздарының бағдары уақытша тоқтатылады. Қытай азаматтарына визалар беру тоқтатылды», -деп жазылған хабарламада.

Мұнымен қоса, 4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис федерациясының Федерация кубогының іріктеу матчтарын Қытайдың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыруы туралы ұсынысы қабылданбады. Сондай-ақ, 12-16 ақпан аралығында су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізілмейтін болды.

Ведомствоаралық комиссия жағдайды тәуліктік режимде қадағаланатынын айтты. 29 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясымен сырқаттану оқиғасы тіркелмеген. Мәселе ел басшылығының ерекше бақылауына алынған.



sputniknews.kz