Қазақстан Қытайға наразылық нотасын жолдады
Қысқа сілтеме алу
Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігі Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрлігіне наразылық нотасын жолдады
НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытай елшісін шақырып, «Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады» деген мақалаға қатысты наразылық білдірді.
«Қазақстан сыртқы істер министрлігінде Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесу өтіп, оның барысында қазақстандық тарап қытайлық www.sohu.com сайтындағы «Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады» атты мақалаға қатысты наразылық білдірді», — делінген ведомствоның хабарламасында.
Қытай елшісіне мұндай сипаттағы мақаланың жариялануы 2019 жылдың 11 қыркүйегінде мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен мәлімдемесінде айқындалған мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестік бағытына сәйкес келмейтіндігі жеткізілді.
Оқи отырыңыз: Қырғызстан Қазақстан елшісіне наразылық нотасын берді
Тараптар ақпарат тарату және БАҚ саласында тығыз өзара ықпалдасуға келісті.
Сондай-ақ, Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігі ҚХР сыртқы істер министрлігіне тиісті нотаны жолдады.
sputniknews.kz