Қазақстан Қытайдың 1 млн. доза вакцинасын сатып алмақ
БАӘ шығарылып, «Самұрық-Қазына» қолдауымен сатып алған «Sinopharm» вакцинасын кез-келген адам алуына болады. Бұл туралы Интерфакске Ұлттық қордың қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаментінің директоры Марат Мұхамедсалиев айтқан. Бұл туралы 7kun.kz сайты жазды.
«Қор сатып алуға қаражатты Президент тапсырмасымен бөлді. Сатып алуды «СК-Фармация» мен Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырды. Сондықтан мұны барлығы алады», деп жауап берген қор өкілі ақпарат агенттігінің сауалына.
«СК-Фармация» баспасөз қызметі БАӘ шығарылған «Sinopharm» вакцинасының 1 дозасының құны $31,1, жалпы құны $31 100 000 доллар болғанын растаған. Бұл қаражатқа 500 мың адамға жететін, 1 млн доза сатып алынған. Олардың 400 мыңы сәуірде, 600 мыңы мамырда елге жеткізіледі.