Қазақстан Қытайдан кейбір жемістерді алып келуді уақытша тоқтатты — Қазақстан жаңалықтары

0

2020 жылдың 2 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қытай Халық Республикасынан сүйекті, шекілдеуікті және цитрусты дақылдарды алып келуге уақытша тыйым салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тыйымды енгізуге Қытайдан Қазақстан аумағына кіргізілетін өнімдерде «карантиндік объектілердің» жүйелі түрде анықталуы негіз болды.

Фитосанитарлық шаралар жөніндегі Халықаралық стандарттың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қытай Халық Республикасынаның бас кеден басқармасының атына карантинге жатқызылған өнімді алып келу кезінде халықаралық және бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптардың бұзылуы туралы нотификация жолдады.

Қытай Халық Республикасының карантиндік қызметі Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті жолдаған ресми хабарламаны қарастырып, әрекет ету шараларын күшейтуді ұсынды.

Атап айтқанда, Қытай тарапы жүйелі сипатта орын алған бұзушылықтар жекелеген жеміс-жидек бақшаларының карантиндік объектілерге қарсы алдын алу шараларын жүргізбеулеріне байланысты екенін анықтады.

Анықтама: 2019 жылы Қазақстан аумағына Қытай Халық Республикасынан карантинге жатқызылған өнімді алып кіруде 52 бұзушылық анықталды, оның ішінде 7 карантиндік организмдер, 22 фитосанитариялық сертификатсыз өнімді кіргізу жағдайы, 13 карантинге жатқызылған өнімнің орамасында маркировканың болмауы, 3 фитосанитариялық талаптардың бұзылуы, 4 фитосанитариялық сертификаттың сәйкессіздігі және 3 карантинге жатқызылған өнімнің тексеруге ұсынбау жағдайы.

Барлық көрсетілген жағдайда карантинге жатқызылған өнімді (12 мың тауар бірлігі) кері қайтару жүзеге асырылды. Сонымен қатар, 2 млн теңгеге 27 айыппұл салынды.    

 

stan.kz