Қазақстан құрамасының футболшысы үйлену тойын жасады (фото)

0

Футболдан Қазақстан құрамасы мен шымкенттік «Ордабасының» жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев үйлену тойын өткізді. Бұл туралы vesti.kz сайты жазады.

24 жастағы ойыншының үйлену тойы өзінің туған қаласы Шымкентте өткен. Еркебұланның таңдап алған өмірлік жарының есімі – Алтын. Тойға Еркебұланның ұлттық құрамадағы достары Бауыржан Исламхан, Елдос Ахметов, Мардан Төлебек, Ғафуржан Сүйімбаевтар келген.

Еркебұлан – соңғы жылдары жақсы қырынан танылған, үздік ойынының арқасында ұлттық құрамаға шақырту алған талантты футболшы. Қазіргі таңда ойыншыға «Астана» мен «Қайрат» клубы да қызығушылық танытуда.

Келесі маусымда Тұңғышбаев аталған екі команданың біріне ауысып қалуы да мүмкін. Ұлттық құрама сапында қазірге дейін он кездесуге қатысып, бір гол соқты.

Абай Аймағамбет