Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы өнерін аяқтап, жалпы есепте 11-орынға ие болды

0

Ханчжоудағы Азия ойындарында жарыс аяқталды. Қорытынды күні спортшыларымыз екі медальмен марапатталды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті. Бұл туралы Orda.kz жазады. 

Әйелдер арасында каратэден Мөлдір Жаңбырбай 50 келі салмақта екінші нәтиже көрсетті. Ол финалда тайпейлік Шуанг Гудан жеңіліп қалды. Көркем жүзуден әйелдер құрамасы үшінші орынға табан тіреді. Барлығы қазақ әйел спортшылары 663,7417 ұпай жинады.

Бір күн бұрын соңғы 10-шы алтынды қазақстандық каратэші Софья Берульцева жеңіп алды. Спортшы 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үздік атанды. Финалда Берульцева непалдық Арика Гурунгтен мықты шықты – 3:0.

Қазақстан құрамасы барлығы 80 медаль – 10 алтын, 22 күміс және 48 қола жеңіп алды. Еліміз жалпы медальдар саны бойынша 5-орынға тұрақтады. Алда Қытай, Жапония, Корея және Үндістан.

фото: ғаламтордан