Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресінде ұлттық валюталарды пайдалану мәселелері талқыланды

0
93

Пәкістанның Мемлекеттік Банкі Төрағасының орынбасары пайданы барынша көбейту мақсатында ұлттық валюталармен есеп айырысулар үшін негіз құрудың басты тұжырымдары мен проблемаларды атап өтті.

Пәкістанның Мемлекеттік Банкі Төрағасының орынбасары Джамиль Ахмад Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресінде баяндама жасай отырып, ұлттық валюталарды пайдалану және негізгі есеп айырысу валютасы ретінде АҚШ долларына тәуелділікті қысқарту туралы айтып берді деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, мыналарды қоса алғанда, бірақ шектеместен, ұлттық валюталардағы трансшекаралық операцияларды реттеуден бірқатар пайда күтуге болады: АҚШ-тағы пайыздық сценарийдің өсуі жағдайында елдің доллардағы резервтеріне қысымның төмендеуі; ұлттық валюталардың ілгерілеуі және тиісті валюталардағы қаржы нарықтарының тиісінше дамуы; екіжақты экономикалық және қаржылық байланыстардың және елдер арасындағы сыйластықтың жақсаруы; екіжақты сауда операциялардағы баға белгілеудің тиімділігін арттыру.

«Екіжақты мәмілелерді реттеу үшін ұлттық валюталарды пайдаланудың өзіндік артықшылығының болуына қарамастан, біз, АҚШ долларынан ұлттық валюталарға өтудің жылдам және жеңіл процес болып табылмайтынын білеміз. Осыған байланысты, біз қолайлы валюталық саясатты және нормативтік ортаны құруға, тиімді есеп айырысу жүйелерін әзірлеуге және біздің елдер арасындағы сауда мен инвестицияларды ынталандыруға тиіспіз деп санаймын», – деді Д.Ахмад.

Пәкістанның Мемлекеттік Банкі Төрағасының орынбасары пайданы барынша көбейту мақсатында ұлттық валюталармен есеп айырысулар үшін негіз құрудың басты тұжырымдары мен проблемаларды атап өтті. Атап айтқанда, ол, екі ел арасында айтарлықтай екіжақты сауда мен инвестиция болуға тиіс, ал импорттаушылар-экспорттаушылар және инвесторлар мәмілелер бойынша есеп айырысулар үшін жергілікті валюталарды қабылдауға дайын болуға тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, орталық банктер сондай-ақ өздерінің валюталық резервтерінің бір бөлігін транзакциялар реттеледі деп күтілетін валюталармен көрсетуге тырысуға тиіс.

Ол сондай-ақ, ағымдағы операциялар және капиталмен операциялар үшін валюталардың айырбасталымдығын қолдайтын қолайлы нормативтік орта болуға тиіс деп атап өтті.

«Біз қолайлы саясатты құру және ұлттық валюталармен есеп айырысуларды ынталандыратын нормативтік базаны құру шартымен пайданы барынша артыру және АҚШ долларына тәуелділікті азайта аламыз. Бұл сондай-ақ клиринг пен есеп айырысулардың тиімді тетігін әзірлеуді талап етеді, ол жергілікті валюталармен операцияларды реттеудің құны мен тәуекелін төмендетеді», – деп қорытындылады Д. Ахмад.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!