Қазақстан қалаларында блок-бекеттерден кімдерге өтуге рұқсат? — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан қалалрындағы карантинге қойылған блок-бекеттерден кімдер өте алатыны жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

блок

«ТЖ режимі аяқталғанына қарамастан блок-бекеттердің жұмысы жалғасады. Десек те қаланың сыртында тұрып, қалада жұмыс істейтіндер мен керісінше, үйі қалада болғанымен, облыс аумағында қызметі барлар блок-бекеттерден өте алады. Олардың қолында жергілікті әкімдіктер бекіткен рұқсат қағаздары болуы керек», -деді ол. 

Бұған дейін вице-премьер теміржол қатынасы әлі іске қосылмайтынын айтып кеткен болатын. 

Еске салайық, 11 мамыр күні елімзед төтенше жағдай режимі аяқталды. 

 

stan.kz