Қазақстан Президенті Жолдауының тиімділігі

0

2023 жылы 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын таныстырды.

Соңғы 3 жылда мемлекеттер көп күтпеген экономикалық қиындықтарға тап болды. Сондықтан да әлем елдері экономикалық дағдарыстар мен қиындықтарды сынау арқылы еңсеру, экономикалық өсуді арттыру және өсу деңгейін бір қалыпта ұстап тұру, инфляцияның жоғары деңгейін төмендету бағытында өз саясатын дамытуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында экономиканың тұрақтылығын арттыруға бағытталған жаңа жоспарды әзірлеу қажеттігі басымдық ретінде берілген.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында Қазақстанның өсіп келе жатқан экономикалық тәуекелдерді еңсере отырып, тұрақты және қуатты экономикасы бар гүлденген елге айналу мүмкіндігінің зор екенін атап өтті.

Бұл жолдауда тау-кен өндіру және пайдалы қазбаларды өңдеу, энергетика және газ өңдеу, ауыл шаруашылығы, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен сияқты негізгі өндіріс секторларының экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған модель құруға баса назар аудара отырып, әрбір саладағы экономикалық өсуді арттыруға бағытталған жаңа мүмкіндіктер айқындалады.

Әсіресе, шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы ішкі өнімдегі үлесін арттыруға және орта өнеркәсіпті кешенді дамыту бағдарламаларын әзірлеуге, сондай-ақ азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобалар ерекше атап өтілді.

Сонымен қатар, трансшекаралық су ресурстарын қорғау және қалпына келтіру, кез келген өнеркәсіп секторының қызметі жаңа экономикалық саясаттармен үйлесетін экологиялық іске асыру бастамасына тән «жасыл экономиканы» қамтиды.

Сыртқы экономиканы ұлғайту, нарықта тауарларды өткізудегі мемлекеттік кедергілерді азайту, инвесторларды тартуға қолайлы жағдай жасау сияқты жаңа экономикалық саясат моделін құруға көбірек көңіл бөлудің маңыздылығы да назардан тыс қалған жоқ.

Кез келген елдің дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі – сол елдегі халық санының өсуі мен адам ресурстары. Халық пен экономикалық мәселелер бір-бірімен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында халықтың табыс деңгейінің, еңбекақы деңгейінің, сапалы білімнің артуы, елімізге қажетті мамандарды даярлауға көңіл бөлу, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселелері жан-жақты қамтылған.

Алдағы уақытта Қазақстанның экономикалық даму саясатының жаңа моделін әзірлеу үшін жоғарыда аталған мәселелерге көбірек көңіл бөлінетіні анық.

Ш.Амангүл 

Моңғолия Ғылым академиясының Халықаралық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері