Қазақстан президенті үміткеріне қойылатын талаптар айтылды

0

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстан президенті үміткерлеріне заң қандай талаптар қоятынын атады, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  • ҚР азаматы болу;
  • Кейінгі 15 жылда ҚР аумағында тұруы;
  • Жоғары білімінің болуы;
  • Жасы 40-қа толған болуы;
  • Белсенді сайлау құқығының болуы;
  • Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.

«Президенттікке кандидаттарды қолдау облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинаумен куәландыруы тиіс. Қол қою парақтарын беру кандидаттың Конституция мен Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін 5 күннің ішінде жүргізіледі», — дейді Петров.

Ол бүгінде сайлау жарнасының мөлшері 3 миллион теңге екенін түсіндірді. Сайлау жарнасы кандидатқа, егер ол лауазымға сайланса не дауыс беруге қатысқандардың барлығынан кемінде 5 пайыз алса, қайтарылады.