Қазақстан президенті ұлттық университет ректорларын тағайындамайтын болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ұлттық ЖОО-ның ректорлары үкімет қаулысы бойынша конкурс негізінде тағайындалатын болады

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық университет ректорларын тағайындауға өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді. Енді жоғары оқу орындарының жетекшілері конкурс негізінде тағайындалады.

«ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке ұлттық университет ректорларын конкурстық негізде Үкіметтің қаулысымен тағайындау жөнінде нормативтік құжаттар әзірлеуді тапсырдым. Қазіргі ректорларды президенттің жарлығымен тағайындау процедурасы күшін жояды», — деп жазды президент өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі білім саласын дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлген болатын. Ол қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының әртүрлі екенін атап өтті. Оның айтуынша, білім мекемелеріндегі материалдық-техникалық база да нашар.

Қазақстанда 2025 жылға дейін білім және ғылым саласын дамытуға бағытталған жаңа мемлекеттік бағдарлама бекітіледі. Премьер-министр Асқар Мамин бағдарлама жыл соңына дейін қабылданатынын айтқан болатын.



sputniknews.kz