Қазақстан президенті сайлауы 2019: тікелей видеотрансляция
Қазақстандықтар таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін дауыс бере алады
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Бүгін Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. «Хабар 24» арнасы сайлау процесін тікелей эфирде көрсетуде.
Бүгін дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы 07:00-ден бастап кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.
Қазақстан президенті сайлауы
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтетіні туралы осы жылдың 9 сәуірінде белгілі болды.
Осы жолы Қазақстан президенттігіне жеті кандидат таласады.
- Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
- «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
- «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
- «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
- Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
- Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
- «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.
Сайлаудағы тәртіпті ТМД, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, ЕҚЫҰ демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссияларының құрамындағы бақылаушылар бақылайды.
Биыл кезектен тыс президент сайлауын өткізуге рекордтық сома – 9,4 миллиард теңге (24,6 миллион доллар) бөлініп отыр.
Сайлау қорытындысы
Сайлау учаскесiнде дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап он екi сағаттан аспауы тиiс. Сайлаудың алдын ала қорытындысы 10-11 маусымда шығарылады.
Сайлау қорытындылары туралы хабар сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.
sputniknews.kz