Қазақстан президенті Эфиопия халқына көңіл айтты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Ұшақ апаты салдарынан 157 адам көз жұмды

АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының президенті Сахле-Ворк Зеудеге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы ұшақ апаты салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Осы қаралы сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Эфиопия халқына көңіл айтамын», — делінген жеделхатта.

Еске сала кетсек, 10 наурызда Аддис-Абебадан Кенияға ұшып бара жатқан Boeing 737 ұшағы Эфиопияның Дэбрэ-Зэйт қаласына жақын маңда апатқа ұшырады. Бортта 157 адам болған, олардың арасында 8 экипаж мүшесі бар. Құлаған ұшақ Ethiopian Airlines әуе компаниясына тиесілі.

Тағы оқыңыз: 157 адам мінген ұшақ апаты: бір жолаушының аман қалғаны белгілі болды

Апат салдарынан 33 елдің азаматтары қаза болды: Кения, Канада, Эфиопия, Ресей, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Үндістан, Словакия, Австрия, Швеция, Марокко, Испания, Польша, Израиль және тағы басқалары. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ұшақ бортында қазақстандықтардың болмағанын хабарлады.



sputniknews.kz