Қазақстан Президенті блогерлерге арналған заңға қол қойды

0

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Қазақстандықтар фейк ақпараттарды алып тастауы және таратпауы тиіс. Жалған ақпарат үшін ең жеңіл жаза 29 АЕК, ең ауыр жаза- 10 тәулікке дейін қамауға алу.

Блогерлер жарнама жасағанда оған ақша төленгенін ескертуі керек.

Сондай-ақ, құқыққа қайшы контентті және оның қазақ тіліндегі модерациясын қадағалау үшін мемлекеттік тілді онлайн-платформалардың интерфейстеріне міндетті интеграциялау көзделеді.

Фото: proforientator.ru