Қазақстан президенті барлық әкімнің өкілеттігін тоқтатты
Қысқа сілтеме алу
Өкілеттігі тоқтатылған әкімдер мен мемлекеттік орган басшылары орнына жаңа басшылар тағайындалғанға дейін міндеттерін атқаратын болады
НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Қазақстанның сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерінің өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Құжаттың мәтіні Ақорда сайтында жарияланған.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты қаулы етемін», — делінген жарлықта.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган басшыларының өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды.
Тағы оқыңыз: Сайлаудан соң үкімет отставкаға кете ме — Тоқаев жауап берді
Құжаттарға сәйкес, әкімдер мен мемлекеттік органдардың басшылары орындарына жаңа басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқара береді.
Жарлықтар қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
sputniknews.kz