Қазақстан президенті АҚШ мемлекеттік хатшысымен сөйлесті

0

Әңгіме барысында COVID-19 пандемиясымен күресте АҚШ пен Қазақстанның ынтымақтастық орнатуы маңызды екені аталып өтті

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео коронавирусқа қатысты жағдайды талқылады.

«Мемлекеттік хатшы Помпео мен президент Тоқаев COVID-19 пандемиясымен күресте АҚШ пен Қазақстанның берік ынтымақтастық орнатуы маңызды екенін атап өтті», — деп хабарлады мемлекеттік департамент.   

Тоқаев пен Помпео екіжақты және халықаралық мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыратындарын айтты.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Қазақстанның осал тұсын атады  

Помпео Қазақстанда өңірлік орталық ашқан АҚШ-тың CDC санитарлық ведомствосы Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.   



sputniknews.kz