Қазақстан Өзбекстан мен Армениядан да қауіпті
Жақында ғана әлем елдеріндегі медициналық қызметтің сапасы, тұтынушылық баға мен қылмыс деңгейі бойынша мәліметтер қорын жинақтайтын Numbeo-ның кезекті рейтингісі жарияланды. 137 елдегі қауіпсіздік бойынша жарияланған бұл рейтингте Қазақстан 98-орынға жайғасты. Осылайша қылмыс деңгейі жоғары санатқа кірген еліміз бұл санат бойынша ТМД елдері ішінде Армения,Өзбекстан , Ресейге жол берді. Армения бұл тізімде үздік ондықты қорытындыласа Өзбекстан 37 позицияда, ал Ресей 52-позицияда тұр. Бұл рейтингте Қазақстан сәл ғана басымдықпен тек Қырғызстан мен Беларусьтың ғана алдыны шыға алды.
Аталған рейтингте әлемдегі ең қылмысы аз елдердің үштігін Катар, БАӘ және Тайвань құрайды. Сәйкесінше қылмыстық топтардың үстемдігі әлі күнге байқалатын Венесуэланы да ең қауіпті ел деп танылған.
Қазақстан қауіпсіз елдер рейтингісінде әлі де өзінің бұрынғы позициясы сақтап келе жатыр. Биылғы қаңтар-маусым айларында 114 мыңға жуық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Олардың 25 пайызы ауыр және аса ауыр санаттағы қылмысқа жатады. Негізінен елде ұрлық, алаяқтық және есірткінің заңсыз айналымы сияқты қылмыстар жиі орын алады.