Қазақстан олимпиада спортшыларына ең жоғарғы төлем тағайындайтын бес елдің қатарына енді
Париждегі жазғы Олимпиада ойындары аяқталды. Гонконг өз спортшыларына медальдар үшін ең қымбат сыйлықтарды ұсынды, ал Қазақстан төлемдер бойынша көшбасшылардың бестігіне кірді.
Олимпиада медалінің иегері атақ-даңққа ғана емес, сонымен қатар мемлекеттен сыйлыққа ие болады. Төменде CNBC Ұлттық Олимпиада комитеттері мен спорт қауымдастықтарынан жинаған ақпаратқа негізделген сомалар берілген.
Гонконг алтын медальдар үшін төлемдер бойынша көшбасшы болды, онда алғашқы марапат үшін спортшыларға 768 мың доллар уәде етілді. Гонконг спортшылары екі алтын және екі қола жеңіп алды.
Сингапур да олимпиадашыларын алтын үшін 745 мың долларға жомарттықпен марапаттайды. Бұрын Токио Олимпиадасында алтын үшін 746 мың доллар төлеген. Ал Индонезия сыйлықақыларын 300 мың долларға дейін қысқартты.
Қазақстан өткен олимпиада ойындарындағыдай өз чемпиондарына алтын үшін 250 мың доллар ұсынды. Бұл сома Қазақстанды төлем мөлшері бойынша ТМД елдері арасында көшбасшы етеді, ал аталған елдерден басқа бестікте ол Израильден кейін екінші орында тұр.