Қазақстан нарығынан тағы бір ірі компания кетті

0

Ресейдегі темір жолдарға арналған жылжымалы құрамның ірі өндірушісі «Трансмашхолдинг» (ТМХ) компаниясының Қазақстанда ешқандай активтері қалмады. Бұған дейін ТМХ ҚР-дағы бірнеше машина жасау кәсіпорындарының үлесіне ие болған.

Orda.kz редакциясы хабарлағандай, ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде бүгінде ресейлік «Трансмашхолдингтің» Қазақстан аумағында машина жасау саласының жобаларына қатысу үлесі жоқ.

2012 жылдан бастап Ресей холдингі ҚТЖ бақылауындағы «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ (ЛКЗ) жартысына иелік етті. 2018 жылдан бастап ТМХ француздық Alstom компаниясымен бірге Астанадағы эсз зауытында («Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС) электровоздарға арналған тарту трансформаторларын өндіру бойынша бірлескен жобаны іске асырды. 2022 жылы Ресей Федерациясының Украинаға әскери шабуылынан кейін ресейлік компания Қазақстандағы активтерден арыла бастады. Қазір екі зауыт толығымен басқа шетелдік инвесторларға тиесілі.