Қазақстан мұсылмандары одағы президентінің әйелі күйеуін соққыға жыққанын айтты

0
297

Қазақстан мұсылмандары одағы президенті Мұрат Телібековтің әйелі күйеуінің оны 10 жасар баланың көзінше ұрып-соққанын мәлімдеді, деп хабарлайды arbat.media.

Екатерина Чеканованың айтуынша, бірнеше жылдан бері ерлі-зайыптылар арасында ұрыс-керіс болып, тіпті соққыға  дейін жеткен.  Бір күн бұрын олардың арасында қатты жанжал шығып, Телібеков әйелін баланың көзінше ұрып-соққан.  Мұсылмандар одағы президентінің әйелі досына телефон соғып, баланы біраз уақытқа үйден алып кетуін сұраған.  Алайда күйеуі келген адамға да шабуыл жасаған.