Қазақстан мұсылмандары одағы президентінің әйелі күйеуін соққыға жыққанын айтты
Қазақстан мұсылмандары одағы президенті Мұрат Телібековтің әйелі күйеуінің оны 10 жасар баланың көзінше ұрып-соққанын мәлімдеді, деп хабарлайды arbat.media.
Екатерина Чеканованың айтуынша, бірнеше жылдан бері ерлі-зайыптылар арасында ұрыс-керіс болып, тіпті соққыға дейін жеткен. Бір күн бұрын олардың арасында қатты жанжал шығып, Телібеков әйелін баланың көзінше ұрып-соққан. Мұсылмандар одағы президентінің әйелі досына телефон соғып, баланы біраз уақытқа үйден алып кетуін сұраған. Алайда күйеуі келген адамға да шабуыл жасаған.