Қазақстан мұнай өндіру бойынша болжамды төмендетті 

0

Өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс мен қызметтер секторында, оның ішінде саудада төмендеу күтіліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Қазақстан әлемдік нарықта бағаның түсуіне байланысты мұнай өндіру бойынша болжамды 86 миллион тоннаға дейін төмендеттті. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

«Бағаның төмендеуі аясында мұнай өндіру бойынша болжам 86 миллион тоннаға дейін азайтылды. Бұл тау-кен өнеркәсібі өндірісінің төмендеуіне әкеледі», — деді Дәленов үкімет отырысында.

Айтуынша, жыл басынан бері мұнай бағасы 66%-ке, металл 16%-ке, әлемдік биржалық индекстер орташа есеппен 21%-ке төмендеді. 

Тағы оқыңыз: Мұнай бағасы қанша болғанда Қазақстан экономикасына қауіп төнеді

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс мен қызметтер секторында, оның ішінде саудада төмендеу күтілуде.



sputniknews.kz