Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда-саттық көлемі 2 миллиард долларға жуықтады

0

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде елімізде 140-тан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп жатқанына назар аударды.

«Сингапурдың Қазақстан экономикасына құйған инвестициясының жалпы көлемі 1,4 миллиард доллардан асты. Экономикалық қиындықтар мен пандемияға қарамастан, былтыр өзара сауда-саттық көлемі 2 миллиард долларға жуықтады. Бұл өте жақсы нәтиже деп санаймын», – деді Президент.

Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың берік негізі қаланғанына тоқталды.

«Сингапурға турист ретінде баратын азаматтарымызға қолдау көрсетеміз. Әрине, Сіздің елден келетін туристер мен бизнесмендерге біздің есігіміз әрдайым ашық. Сондықтан Қазақстан Сіздің елмен тығыз қарым-қатынас жасауға дайын екенін тағы да айтқым келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.