Қазақстан мен Ресей Жайық өзенін құтқарады – негізгі 5 проблема аталды

0

Трансшекаралық Жайық өзенінің экожүйесін жақсарту жөніндегі халықаралық сарапшылық кеңестің құрамына ғалымдар, мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері кірді

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов Жайық өзенінің негізгі проблемаларын атады, оны қазақстандық экологтар ресейлік әріптестерімен бірге шешеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Осы жылдың қаңтарында Қазақстан мен Ресей Жайық өзенінің гидрологиялық режимін зерттеу үшін бірлескен сарапшылар тобын құруға шешім қабылдады. Екі апта бұрын екі елдің экология министрлері онлайн-кездесу өткізіп, Жайықты экологиялық сауықтыру бағдарламасын әзірлеу туралы шешім қабылдады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Ресей экологтары Жайық және Ертіс өзендерін бірге құтқармақ 

«Бүгінгі күні Жайық өзенінің экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі сарапшылар тобының құрамы жасақталды. Оған ғалымдар, мемлекеттік құрылымдар мен қоғам өкілдері кірді. Ол Ресейге жіберілді. Қазір біз ресейлік әріптестермен келісілетін өзекті мәселелердің тізімін жасап жатырмыз», – деді вице-министр.  

Пірімқұловтың айтуынша, Жайық өзені бассейнінің негізгі проблемалық мәселелеріне мыналар жатады:

  1. судың аздығы,
  2. өзен бассейнінің ластануы,
  3. уылдырық шашатын алқаптардың азаюы,
  4. арналық уылдырық шашатын алқаптардың жұтаңдануы,
  5. жайылма ормандардың жойылуы.

Өзеннің проблемасы президенттің бақылауында

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Қазақстан мен Ресейдің XVI аймақаралық ынтымақтастық форумы барысында Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жайық өзені бассейнінің экожүйесін жақсарту бағдарламасын әзірлеп, қабылдауға тапсырма берген болатын.

Қазіргі уақытта Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі республика аумағы бойынша бағдарламаның паспортын әзірлеп жатыр.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз