Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы форумы Омбыға не берді – губернатор жауабы

0

Аймақ басшысы Бурковтың айтуынша, президенттерді қарсы алуға Астрахань дайындалған, бірақ Омбы облысы батылдық танытқан

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Қазақстан және Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумынан Омбы қандай пайда көрді? Бұл сұраққа облыс губернаторы Александр Бурков жауап берді.

«Біріншіден, Омбы облысы аумағында өткізу пунктерін қайта құру мен салу мәселесі көтерілді. Бағдарламаға төрт бекет енді. Біз бұл мәселені екі жыл бұрын көтерген едік», — деді Бурков жергілікті «12 канал» эфирінде.

Шекара өткелдерін жаңғырту олардың өткізу қабілетін арттырып, қызметкерлер мен азаматтар үшін қолайлы жағдай жасайды, деп атап өтті ол.

«Екінші жайт – Ертіс өзеніндегі кеме қатынасы мәселесі. Өзен бойымен тасымал көлемін арттыру өңір үшін аса маңызды», — деп толықтырды Александр Бурков.

Үйлердің қасбетін жөндеуге 1,1 миллиард рубль (17,2 миллион доллар) бөлінді, деп еске салды аймақ басшысы.

Омбы жаппай абаттандырылды. «Эрмитаж-Сібір» мәдени-ағарту орталығы мен «Авангард» хоккей академиясы ашылды.

Омбы облысының губернаторы Тоқаевтың сөзі жайлы айтты

Бурков президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Омбы туралы жылы сөзін естігенде қуанғанын жеткізді.

«Мен қаланы көріп үлгердім, бірақ машинаның терезесінен қарадым. Дегенмен тек жақсы әсер алдым», — деген еді форум барысында Тоқаев.

Губернатор форумды өткізуге Астрахань қаласының дайындалғанын, бірақ Омбы батылдық танытқанын айтты.

Тағы оқыңыз: Путин Тоқаевқа қандай сыйлық жасағаны белгілі болды

Екі мемлекет басшысы қатысқан Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы 6-7 қарашада Омбыда өтті.

Президенттердің осындай форматтағы келесі кездесуі 2020 жылы Көкшетауда өткізіледі. Тараптар экология саласындағы проблемаларды талқылайды.



sputniknews.kz