Қазақстан мен Ресей премьерлері ынтымақтастықты нығайту мəселесін талқылады

Қысқа сілтеме алу
Тараптар сондай-ақ «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану туралы пікір алмасты
НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы келіссөздер жүргізді.
Əңгімелесу қазақстандық тараптың бастамасымен өтті.
Тағы оқыңыз: Қазақстан Ресей және Өзбекстанмен шекараны демаркациялап жатыр
«Əңгімелесу барысында ҚР мен РФ үкіметтерінің басшылары интеграциялық бірлестіктер, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы екіжақты ынтымақтастықты одан əрі нығайту мəселелерін талқылады», — деп жазылған Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Тараптар «Байқоңыр» кешенін одан әрі дамыту перспективалары және бірлесіп пайдалану туралы да пікір алмасты.
sputniknews.kz