Қазақстан мен Ресей меморандумға қол қоймақ
Қазақстан Ресеймен цифрлық трансформация саласында меморандумға қол қоюға ниетті, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
Меморандум жобасына сәйкес тараптар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі нысандары мыналарды қамтиды:
— ақпарат, тәжірибе алмасу және консультациялық қызметтер көрсету;
— меморандумды іске асыру үшін Тараптар қажет деп санайтын бірлескен іс-шаралар (конференциялар, форумдар, семинарлар, жұмыс топтарының отырыстары және басқалар) өткізу;
— Тараптардың екі мемлекетінің мүдделі ұйымдары мен компаниялары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;
Тараптардың уағдаластығы бойынша ынтымақтастықтың басқа да нысандары.
«Бірлескен қызметтің нақты мазмұны, Тараптардың міндеттемелері, оларды орындау мерзімдері, ынтымақтастықтың көлемі мен шарттары және басқа да ұйымдастырушылық және коммерциялық аспектілер тиісті халықаралық шарттарда анықталуы мүмкін», — делінген құжатта.