Қазақстан мен Ресей экспорттағы шикізатқа тәуелділіктен арылып жатыр

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Елдердің экспортында тұрақты өсім байқалады, олардың негізгі бөлігін қосылған құны жоғары дайын тауарлар құрап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Ресей мен Қазақстан сыртқы экономикалық қызметтегі шикізатқа тәуелділіктен біртіндеп арылуда және екі елдің президенттері белгілеген жоғары қайта өңделген өнімдер шығару және экспорттау бойынша негізгі бағыттарды қолдап келеді. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы сауда өкілі Максим Кочетков айтты.

Кочетковтың айтуынша, екі елдің жалпы тауар айналымындағы отын-энергетикалық кешеннің үлесі айтарлықтай төмендегені байқалады, 9 айдың ішінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жарты миллиард долларға жуық төмендеген, бірақ тауар айналымы өсуде.

«Ресей, бұрынғыдай, Қазақстанның негізгі сауда серіктесі болып қала береді. Мәселен, 2019 жылдың 9 айында тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайызға артып, 14 миллиард доллардан сәл асты.

Тағы оқыңыз: Қазақстан Байқоңыр маңындағы жерді қайтарады – президент заңға қол қойды 

Сонымен бірге Ресей экспорты 4 есеге өсті. Тауарлардың барлық тобында тұрақты өсім байқалады, олардың негізгі бөлігі қосылған құны жоғары дайын тауарларға тиесілі. Қазақстанда да осындай жағдай. Біздің елдеріміз сыртқы экономикаға тәуелділіктен арылып жатыр деп айтуға болады», — деді Сауда өкілдігінің басшысы.

Ол екі ел арасындағы қатынастардың дамуы туралы айта келе, Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және басқа да ұйымдар аясында өзара іс-қимыл жасайтынын атап өтті.

Үкіметаралық комиссия тұрақты негізде жұмыс істейді, оның аясында ғылым және жаңа технологиялар, көлік, өңіраралық және шекарамаңы ынтымақтастығы, инвестициялық және банктік ынтымақтастық, әскери-техникалық ынтымақтастық, отын-энергетикалық кешен және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық бойынша жеті кіші комиссия болады.

Осылайша, ынтымақтастықтың барлық саласында тығыз өзара іс-қимыл жалғасуда.

Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы сауда өкілі Максим Кочетковпен болған толық сұхбатты Sputnik Қазақстан сайтынан сағат 12:00-де оқыңыз.  



sputniknews.kz